- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жиырма бірінші ғасырдың...
Жиырма бірінші ғасырдың таңдай қақтырар мейрамханалары
Мейрамхана қызметкерлері қонақтарын жылан жүрегінен жасалған сорпамен, маймыл даяшылармен және табыт тектес ерекше интерьерлерімен таңдандыруда. Құрылысы мен қызмет көрсетуі ерекше мейрамханалармен таныс болыңыздар:
1. Dinner in the Sky, Бельгия
Суреттегі мейрамхана Бельгияда орналасқанына қарамастан, әлемнің басқа мемлекеттерін де шарлайды. 50 метр биіктікте орналасқан мейрамхананың барлық сақтық шаралары ойластырылған. Яғни адам өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп-қатер жоқ. Бұл жерден дәм татып көрушілердің айтуынша, бойдағы адреналин тағамға ерекше дәм сыйлайды.
2. Kayabukiya Tavern, Жапония
Токиолық "Kayabukiya tavern" мейрамханасынан Ят-чан және Фуку-чан есімді даяшы маймылдарды кездестіре аласыздар. Олардың басты қызметі – сусындар әкелу. Екеуі де мұнда ресми түрде орналасқан. Ал жалақысын қытайбұршақ түрінде алады.
3. New Lucky Restaurant, Үндістан
Кути Наир есімді азаматтың зират жанынан ашқан шәйханасы бірден үлкен танымалдылыққа ие болды. Суреттегі жасыл түспен көмкерілгендер – тіктөртбұрышты табыттар.
4. Kinderkookkafe, Нидерланд
Суреттегі Амстердам мейрамханасының басты жұмысшылары – балалар. Арасынан бірнеше ғана үлкен қызметшілерді кездестіруге болады. Даяшы балалардың ата-аналары бұл жерді аспаздық өнерді үйренуге болатын мектеп ретінде қабылдайды әрі бала сенімді жерде жүреді. Таңертеңмен ата-аналар балаларын осы жерге қалдырып, кешке мезгілде олардың жасаған тағамдарын жеуге келеді.
5. Modern Toilet, Тайвань
Тайваньдық мейрамханалардың бірінде келушілерге мини-унитаздан дәм татуға ұсынылады. Ал сусындар пластикалық ыдыстарға құйылады. Мейрамхананың тазалығы жоғары деңгейде, ал тамағы өте дәмді. Олардың басты мақсаты – адам баласын таң қалдыру. Бұл мақсаттарына жеткен секілді.
6. Fortezza Medicea, Италия
500 жылдық тарихы бар Медичи қамалы қатаң бақылаудағы түрме әрі жоғары бағалары бар мейрамхана. Ерекше мейрамханадан дәм тату үшін келушілер бірнеше ай бұрын жазылып қояды. Және кірер кезде міндетті түрде тексерістен өтеді. Тонаушылар, адам өлтірушілер, баукеспелер даяшы ретінде қызмет атқарады. Мұнымен қатар бұл жерден өмірлік бас бостандығынан айырылған Бруноның күйсандықтағы әсем әуенін тыңдауға болады.
7. Isdaan, Филиппин
Жүйкеңіз тозып жүрген болса, осы мейрамханаға келіңіз. Филиппинде орналасқан. Келуші қонақтардың жақсылап ашуын шығарып керегеге тәрелке, тостаған, теледидар лақтыруға мүмкіндіктері бар. Ал ең бастысы оны жинау жайында ойланбасаңыз да болады.
8. El Diablo, Канар аралдары
«El Diablo» — Ислоте де Хиларио жанартауының биік шыңында орналасқан мейрамхана үшін жақсы атау. Ас үй нағыз лаваның үстінде орналасқандықтан, арнайы пеш орнатып жатудың қажеті жоқ. Мұнымен қатар, қонақтардың табиғи от үстінде жасалған тағамдардың дәмін татып көру мүмкіндігі бар.
9. Kalin Tavern
180 жылдық тарихы бар Kalin саяси сындардан сүрінбей өткен. Бұл мейрамхананың ерекшелігі – Словения мен Хорватияның шекарасында орналасқан. Словения Еуроодаққа кірсе, Харватия керісінше кірмейді. Екі мемлекет арасындағы саяси мәселелер де жақсы емес. Сол себепті бұл мейрамханаға барушылар қай есікке кіріп бара жатқанына мұқият болуы керек.
10. Cannibalistic Sushi
Бұл мейрамханада «ниотаймори» стиліне ұқсатып, әйел денесіне салынған сушилерді келушілерге ұсынады. Жапондықтар әлемді күн сайын таңқалдыруда. Бұрындары әйел адамның денесіне салынған сушилерді ғана жеуші еді, қазір денесін де жейді. Дене адамдікі емес, ас үйде жасалған көркем туындылардың бірі. Келушілерге қасықтың орнына қандауыр пышақ ұсынады. Осы құрылғының көмегін денені кесіп, адам ағзасына ұқсатып жасалған сушилерді жеуіңізге тура келеді. Абайсызда жарақаттап алсаңыз, қан түстес соус атқылайды. Сол себепті хирург мамандардай мұқият болған жөн.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: planet.ru
Қ. Бүйенбай