- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жерге қос құйрықты...
Жерге қос құйрықты жұлдыз таяп қалды
Фото:
24.kz
Қос құйрықты жұлдыз ғаламшарымызға таяп қалды. Астрономдар Каталина деп атаған алып комета Күн жүйесінің ішкі бөлігінен шыққан. Бұл аспан денесінің ғылыми атауы - C/2013 US10. Ол Күнді айналып өтіп, Жер маңында орналасқан орбита нүктесіне қарай ұшып барады.
Қазір Каталинаны Солтүстік жарты шар, яғни экватордан солтүстікке қарай орналасқан елдердің тұрғындары түн ауған шақта көре алады. Оны көрген адам таң қалмауы мүмкін емес. Себебі Каталинаның шаңнан және ионнан құралған екі құйрығы бар. Оны бинокльмен тамашалауға болады. Каталинаның мына суретін неміс астрофизигі Фриц Хельмут Хеммерих Канар аралдарында жүріп суретке түсірген.
Дереккөз: 24.kz
Е. Жұмабайұлы