- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жердің ғарыштан түсірілген...
Жердің ғарыштан түсірілген таңғажайып 7 фотосуреті
Ғарыш кемесінің терезесінен алыстап бара жатқан Жерді тамашалау – ғарышкерлердің сүйікті ісі дерсіз. Көкке көтерілген ғарышкерлер Жерде суртке көп түсіреді. Назарыңызға Халықаралық ғарыш айлағынан түсірілген ең ерекше фотоларды ұсынамыз.
1. Суреттен Мадагаскар аралының солтүстік-батысында орналасқан Бецибук өзенінің сағасын көруге болады. Бұл фотоны 2005 жылы 8 наурыз күні Халықаралық ғарыш айлағында істеген ХҒА-10 экипажы түсірген.
2. Суретте Атлант дауылы маусымының ең жойқын тропикалық циклоны - "Дин" дауылы бейнеленген. Фотосурет 2007 жылы Индевор ғарыш кемесінде болған экипажға тиесілі.
3. 1984 жылдың 5-13 қазаны. Үлкен Гималай таулары. Фотосуретке Үндістан, Пәкістан және Қытай аумағы енген. Суретті 6-шы "Челленджер" шаттлының экипажы түсірген.
4. Солтүстік Америкада орналасқан Ұлы көлдер. Суреттің төменгі жағынан Онтарио көлін, ал орта тұсында Детройт қаласын байқауға болады. Фотосурет 1994 жылы ұшқан 19-шы Discovery кемесінен түсірілген.
5. Солтүстік Америкадағы Чугинадак аралында орналасқан Кливленд жанартауының атқылаған сәті. 2006 жылы Халықаралық ғарыш айлағына беттеген экипаж жанартау атқылауының куәсі болған.
6. Таңғажайып Мадагаскар. "Союз МС-08" ғарыш кемесінің бортинженері Рикки Арнольдтың 2018 жылы Африка үстінен түсірген суреті.
7. Ал бұл танымал суретті 1972 жылы "Аполлон-17" миссиясының экипажы Жерден 29 000 шақырым қашықтықта түсірген. Фотосуретті Көгілдір марбл деп атап кеткен.