2014 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, Жер ғаламшарындағы адам саны 7,2 миллиардқа жетіп отыр.
Бір жылдың ішінде, яғни 2013 жылы адам саны 77 630 563-ға (немесе 1,1% -ға) артқан екен. Мұндай статистиканы ұсынып отырған – АҚШ-тың көшірме бюросы.
Ғаламшар тұрғындарының санын көбейтуге ең көп ат салысқан – Үндістан халқы. Олардың саны 15,6 миллионға көбейген. Үндістан осылайша өсу жөнінен Қытайды, Нигерияны, Пәкістанды және Эфиопияны артқа қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, Жер тұрғындары 2012 жылы 7 миллиард адамға жеткен болатын. 2025 жылы бұл көрсеткіш 8 миллиардқа жетеді деген болжам бар.
АҚШ тұрғындарының саны 317, 3 миллион, Ресей халқы 143,5 миллион болса, 2013 жылдың қазан айындағы есеп бойынша, Қазақстан халқының саны 17 075,7 мыңды көрсеткен. Оның ішінде қала халқы – 9 384,6 мың (55%), ауыл халқы – 7691,1 мың (45%) екен.
XXI ғасырдың ортасында халық саны 15%-ға қысқаратын елдердің қатарында Украина, Ресей, Белорусия, Болгария, Куба, Румыния бар.
Ал халық саны жөнінен әрдайым көш бастап келе жатқан Қытай және Үндістан 2028 жылы 1,45 миллиард адамға жетіп, теңеседі. Сонан кейін қытайлықтар азайып, үндістер керісінше көбейе түседі деген болжамдар жиі айтылып жүр.
Қазіргі таңда Үндістан мемлекеті халық саны жағынан әлемде екінші орында тұр. Нақтырақ айтсақ, Үндістандағы жалпы халық саны – 1,21 млрд адам. Бұл Жер планетасының 17%-ын құрайды. Осыдан тұп-тура 60 жыл бұрын, Ұлыбритания бодандығынан босап, өз тәуелсіздігін жариялаған жылдары Үндістанның халық саны 350 млн. адамды ғана көрсеткен екен. Алпыс жыл ішінде үндістандық азаматтардың саны үш есеге өскен.
Ал Жер тұрғындарының қартаю үрдісі бірнеше жыл бойы бір қалыпта болатындығымен, 2100 жылы 60 жастағы адамдардың саны 3 миллиардқа жетеді деп күтілуде.
Ал сіз әлемдік демографияға қандай үлес қостыңыз?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет:turboportal.ru