- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жер жүзіндегі ең...
Жер жүзіндегі ең үлкен үңгір
Бұл үңгір алғашында сұсты болып көрінгенімен, құпияға толы. Жыл сайын мыңдаған туристтер осы үңгірге келіп, моншақ тәрізді тастарына қызығатын көрінеді. Олай болса, әлемнің ең үлкен үңгіріне саяхат жасайық.
1991 жылы тірлігін жасап жүрген бір шаруа Вьетнамның Фонгня-Кебанг қорығынан үлкен үңгірге кез болады. Алайда, үңгір ішінен естілген судың гүрілі шаруаны қатты шошытқан соң, оның үңгірге кіруге жүрегі дауаламаған. Кейін жергілікті тұрғындар бұл үңгірге Шондонг (Son Doong) деп атаған екен. Бірақ, белгісіз бұл үңгірді ешкім зерттей қоймаған.
Тек 2009 жылы Говард Лимберт бастаған британдық ғалымдар үңгірге кіріп, биіктігі – 5 километр, ені – 150 метрді құрайтын "жаңа әлемнің" есігін ашады. Содан, Шондонг үңгірін Жер жүзіндегі ең үлкен үңгір деп таныды.
Сурет: adme.ru
Е. Жұмабайұлы