- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Желді "құттықтап" қойыңыз!...
Желді "құттықтап" қойыңыз!
Бүгін біздің планетамызда бүкіләлемдік жел күні атап өтілуде. Ерекше күннің енгізілуіне себепкер болған - Еуропалық жел энергетикасы ассоциациясы мен жел энергиясы бойынша Бүкіләлемдік кеңес екен.
Атаулы күннің мақсаты - қоғамдағы адамдардың назарын жел энергетикасның үлкен потенциалына назар аударту. Эксперттердің айтуынша, жел энергетикасын дамыту экономикалық, экологиялық, энергетикалық қиындықтарды шеше алады. Нақтырақ айтсақ, бұл арқылы жыл сайын энергетика саласына жұмсалып жатқан қомақты қаржыларды үнемдей аламыз. Эксперттер күллі әлемге: "Жел энергетикасының астында - болашақ жатыр!" деп ұрандап отыр.
15 маусым күні әлемнің көптеген елдерінде мыңдаған іс-шаралар ұйымдастырылады. "Жел - энергияның альтернативтік бастауы" тақырыбында семрнарлар, дәрістер өткізіліп, жел станцияларына экскурсиялар жасалады.
Жел күні ең алғаш рет Еуропада 2007 жылы атап өтілді. 2009 жылы әлемдік мәртебе алып, 30-дан астам елі қосылды. Әрбір жыл сайын атаулы күнді қолдаушы елдердің қатары өсіп келеді.
Біздің елде бұл күннің аса танымал емес екендігін жақсы білеміз. Алайда, бәрі де кішкентай нәрседен басталады. Осы күнді атап өтуге не кедергі? Осы күні тым болмаса, батпырауықтар ұшырып, жел энергиясының қуатын сезініп, қадірін түсініп көрсеңіз нұр үстіне нұр болар еді.
Суреттер:yesheis.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева