Мумбайдың жол полициясы шыдамсыз жүргізушілерді жазалау мақсатында ерекше тәртіп ережесін ұсынып отыр.
Жол кептелісінде тұрып мазасыз сигнал беруге әуестерге енді жасыл түс жанбайды. Қала ішіндегі бірнеше бағдаршамға клаксон дыбысын анықтайтын құрылғы орнатылған. Көрсеткіш 85 децибелден асқанда қызыл түс жанады. Яғни, сигнал берген сайын бір орыннан қозғалма тұра береді.
2019 жылдың қарашасы мен желтоқсаны аралығында бұл жүйе тексерістен өткен. Алдағы уақытта "Жазалаушы бағдаршамдар" қаланың барлық нүктесіне орнатылады.
Естеріңізге сала кетейік, Мумбай көлік кептелісі бойынша 4 -ші орында. Орта есеппен, әр жүргізуші кептелісте 8 күн17 сағат уақыт өткізеді.