Жастар, мерекелерің құтты болсын!

Халықаралық жастар күні (International Youth Day) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен 1999 жылдың 17 желтоқсанында белгіленді. Атаулы күнді белгілеу туралы ұсыныс 1998 жылы 8-12 тамыз аралығында Лиссабонда өткен жастар мәселесі жөніндегі Бүкіләлемдік министрлер конференциясында жасалды.

Халықаралық жастар күні салтанатты түрде тұңғыш рет 2000 жылдың 12 тамызында атап өтілді. 

Бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымының бекітуімен дүниежүзі бойынша жастар жөніндегі бағдарламаларды таратуға арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламада білім-ғылыммен қамтамсыз ету, жұмысқа тұрғызу, кедейлікпен күрес, денсаулық сақтау, қоршаған орта, есірткі тасымалдау мәселелері қамтылған. 

Жастар – өзгерістерге тез бейімделетін, жаңа білімді жеңіл меңгеретін қоғамның ең белсенді және ұтқыр бөлігі. Бүгінде 15 пен 24 жас аралығындағы адамдар планета тұрғындарының бестен бірін құрайды екен.  Және де әлемдік жұмыс күшінің төрттен бірін жастар атқарып отырғандығымен, жартысына жуығы жұмыссыз жүр. Жиырма бес жастағы үш миллиард тұрғынның бір жарым миллиарды кедейліктің құрсауында жатыр. Жүз миллионнан астам балалар мектепке бармайды. Күн сайын 30 мың бала жоқшылықтан қайтыс болады. Жыл сайын 7 мың жасөспірім СПИД ауруына шалдығады. Мұның бәрі бәзбіреулер үшін жай ғана сандар болып көрінгенімен, асылында бұл дабыл қағуға тұрарлық үлкен трагедия.

Жастар күні мен Дүниежүзілік бағдарламаның негізгі мақсаты – мемлекет пен Үкіметтің назарын жастарға аудару, олар құртушы емес, жаңаша пікір білдіріп, жаңаша заман құрушылары екендігіне көздерін жеткізу. Сонымен қатар, бағдарлама шешуін таппай келе жатқан мемлекеттік мәселелерге жастарды араластырып, бірлесе шешуге шақырады. 

Әр мемлекет Халықаралық жастар күнінен басқа өз еліне ғана тән Жастап күнін белгілеген (Қытай, Түркия, Тунис, Камерун т.б). Біздің елімізде жастар күні маусым айының соңғы жексенбісі.

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: asker.kz, akorda.kz