Жасанды жолмен пайда болған жануарлар

Жасанды жолмен пайда болған жануарлар

Гибрид, будан — генотипінде айырмашылығы бар екі организмді будандастырудан алынған жаңа организм. Бұл организм ботаника мен зоологияда зерттеліп келеді. Гибридтерді ең алғаш жасанды жолмен алуды 1694 жылы неміс ғалымы Р. Камерариус ұсынған екен. Бірақ, ең алғаш рет 1717 жылы ағылшын бағбаны Томас Фэйрчайлд қалампырдың әр түрін будандастырып, теорияны тәжірибе жүзінде іске асырған екен.

Мал шаруашылығында бір түрге жататын екі немесе бірнеше тұқымды будандастырып, ата-енесіне тән әртүрлі өнімдік қасиеттерінің жаңа үйлесімі пайда болған төл дүниеге келеді. Мал тұқымын ірілету мақсатында будандастыру аталған шаруашылықта кең тараған.

Зоология бағытында осындай тәжірибеден туған көптеген жануарлар бар. Солардың кейбірін назарларыңызға ұсынамыз.

Бестер —  1952 жылы жасанды жолмен алынған гибрид. Бұл балық – ақсерке мен шоқырдың (бекіре тұқымдас балық) буданы. Бұл балықтың бойында ақсеркенің ұзындығы және шоқырдың тез жетілетін қасиеттері бар. Ұзындығы – 180 см, ал салмағы – 30 кг.

Вольфин — дельфин мен кіші косатканың (дельфин тұқымдас сутқоректі су жануары) буданы.

Зеброид — зебра мен жылқының буданы.

Зебрул — зебра мен есектің буданы.

Зубробизон — зубр мен бизонның буданы.

Кама — түйе мен ламаның гибриді.

Кидас (кидус) — ақ сусар мен бұлғынның буданы.

Қызыл тотықұс— цихлид тұқымдасының буданы, аквариум балығы.

Левопард — леопард аналығы мен арыстанның буданы.

Леопон — арыстанның аналығы мен леопардтың буданы.

Пизли — ақ аю мен қара аюдың буданы.

Тумак — ақ қоян мен сұр қоянның буданы.

Ягопард — ягуар мен леопардтың буданы.

Сурет: zoohybrid.ru, scienceblog.ru

Е. Жұмабайұлы