- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жапониядағы жаңа мамандық...
Жапониядағы жаңа мамандық – қызғандыру
Сұлу бойжеткен, сіздің жігітіңіз сізге жеткілікті көңіл бөлмей жүр ме? Ол екеуіңіздің араларыңыз тым біркелкі, іш пыстырарлық болып кетті ме? Онда «Support One» қызметі сізге көмектесе алады. Жапониялық en.rocketnews24.com сайтының хабарлауынша осы елде «Support One» деп аталатын жаңа қызмет түрі ашылған. Бұл қызмет сіздің жаныңызға басқа жігіттерді қосып беріп, өз жігітіңіздің назарын аудартып, қызғандыру арқылы, араларыңыздың бұрынғыдан да жақсара түсуіне қызмет етеді.
Бұл компанияның веб-сайтында қызметкерлерінің фотосуреттер ілулі тұрады. Сайтқа тіркелу арқылы олардың қызметіне тапсырыс бере аласыз. Компания келбетті жігіттерді ұсынады, кездесу әдемі сауда орталығында, барда отырғанда «тапсырыс» алған жігіттер келіп, қызға «тисе» бастайды. Ал, қыз да оған «кетары» емес екенін білдіреді. Соңында, қыздың жігіті бұл «бұзақыны» қуып тастап, қалыңдығының көзіне «батыр» көрінеді.
Бұл компанияның қызметкерлері бұдан басқа да қызмет түрлерін ұсына алады. Мысалы, көшеде қыдырып жүргенде, дүкен аралағанда сіздің итіңізді серуендетеді, өлім аттандыру салтында қара көбейтеді, тіпті отбасылық барлық мәселелерге «ценари» құрып, өтірік оқиға ұйымдастыру дегендей.
Сурет: yanidel.net
M. Auelkhan