АҚШ және Жапонияның Тынық мұхиты жағалауында тұратын тұрғындары үшін эвакуация жөнінде хабарланып жатыр.
Ал АҚШ жағалау аудандарына қатты ағынмен келе жатқан толқын туралы және сол аудандарды шайып кету мүмкіндігі жайлы ескерткен.
Хунга Тонга-Хунга Хаапай суасты жанартауының атқылуынан Тонга тұрғындарына, Тынық мұхитының оңтүстігіне және АҚШ-қа естілген. Жанартау Тонга астанасы Нукуалофадан 65 км қашықтықта орналасқан, астана аспанын түтін мен күл басып, барлық электр көзі өшіп, байланыс құралдары ажырап, интернет ажыратылған. Қаза болғандар мен жараланғандар туралы әлі хабарланбаған.
Жанартау атқылауы басқа елдерге де жеткен: Жапонияда (Амами-Осима аралындағы Коминато ауданында) биіктігі 1,2 метрге жететін цунами тіркелген. Аудан әкімшілігі 3 метрге дейінгі толқын соғуы мүмкіндігін айтып, дереку эвакуация жасау керегін ескерткен.
Цунами туралы ескерту хабарламалары Аустралия мен Тасмания жағалауына да берілген. Тонга Патшалығынан 2300 км қашықтықтағы Жаңа Зеландияда төтенше жағдай бойынша Ұлттық агенттік "қатты дауыл мен жағалауға төнген қауіпті толқын туралы" ескерту жасаған. Жергілікті Weather Watch синоптигі Твиттерде "жаңазеландиялықтар дыбыстық соққы естіді" деп хабарлады.