Кавасаки қаласына жергілікті қатысушылардан басқа Үндістан, Австралия, Оңтүстік Корея мен Венесуэладан өнерпаздар келген. Олар өнердің әр түрі бойынша шеберлік сынасты.
Сайыс ережесі бойынша әр қатысушы классикалық немесе заманауи әуенді ойнайды. Туынды саны 2-ден аспауы тиіс. Қазылар алқасы дұрыс баға беріп үлгеру үшін бір әуенді ойнау ұзақтығы 5 минутқа созылды.
Хиденобу Нисияма, байқауға қатысушы:
- Барлық аспаптардың ішінде ысқырықпен әуен шығару ең кереметі. Сонымен бірге бұл өте қарапайым тәсіл.
Юнко Минмура, көрермен:
- Әрқашан ысқырғым келетін. Бірақ бұл әйелге жарасымды қылық емес деп ойлайтын едім. Қазір ол ойдан арылдым.
Ягат Таркас, байқауға қатысушы:
- Осында келіп, өнер көрсету бақыты маған алғаш рет бұйырды. Қызығушылығым зор болды. Сондықтан тәуекелге бел будым.
Жапонияда мұндай байқау осымен екінші рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылар енді бұл сайысты жыл сайын өткізетін болып келіскен.
Дереккөз: 24.kz