Инженерлер Токиода әлемдегі ең биік ғимарат салмақшы. Оның биіктігі 1700 метр болмақ. Ол қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Дубайдағы Бурдж-Халифадан (биіктігі 828 метр) екі есе биік.
Sky Mile деп аталатын ғимарат мегаполистің орталығында орналасады. Кешен жасанды аралдармен қоршалады. Ғимарат 50 мың адамға есептелген.
Зәулім үй желге төзімді болады. Кешенде адамдар тұратын орындардан бөлек сауда орталықтары, мейрамханалар, қонақүйлер, спортзалдар, кітапханалар мен емханалар орналасады. Ал лифттер әдеттегіден тыс, яғни горизонталь бағытта жұмыс істейді.
Ғимаратты экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Құрылысты Kohn Pedersen Fox Associates пен Leslie E. Robertson Associate компаниялары орындамақ. Жоба 2045 жылға қарай жүзеге асырылады деп күтілуде.
Сәулетшілер ғимараттың жер сілкінісі, тайфун сияқты табиғи апаттарға төзімді болатынын айады.
Дереккөз: tengrinews