Жапония соғыс операцияларына қатыспай, лаңкестіктен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге ғана көңіл қоюға ниетті, – деп жазады Tengrinews.kz. Бұл туралы ел премьерінің баспасөз хатшысы Синдзо Абэ Ясухиса Кавамура айтып берді.
"Жапония мұнымен күресудің басқа жолын таңдады. Бұл гуманитарлық міндет болады. Біз бұған дейін де осылай жасадық, ары қарай да осылай етеміз", - деді Кавамура. Оның айтуынша, "гуманитарлық міндет" – қашқындарға көмектесіп, оларға жұмыс орнын ашып беру. Бұл әлемде экстремизмнің төмендеуіне алып келеді.
Еске сала кетейік, жақында ғана ресейлік және француздың әуе күштері Сирияда ДАИШ-қа соққы жасаған. Жарылыстар салдарынан 33 содыр қаза тапты. Франция әуе соққысын Париждегі терактілерге жауап ретінде жасады.