- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жапон студенттерінің бірлікке...
Жапон студенттерінің бірлікке бастар қадамы
Жапонияның оқу ордаларының бірінде студенттердің синхронды сап түзіп жүруі сәнге айналып, жылдан-жылға кеңірек танылуда...
Мұны өздері «Shuudan koudou» немесе "Ұжымдық ауызбіршілік" деп атайды. Мереке қарсаңында студенттердің бір шоғыры синхронды сап түзіп жүрудің керемет үйлесімділігін көпшілікке ұсынады екен.
Студенттер қойылым үшін аптасына үш реттен, бес ай бойы дайындық жүргізеді. Көпшілігінің осы уақытта дене сымбаты артып, тәртібі түзеле түспек.
Өткен жылдың 17 қарашасында 77 студент 11 мың адамның алдында сап түзіп жүрудің қиын да күрделі жүрістерін ұсынып, көпшіліктің ыстық қошеметіне бөленген көрінеді.
Студенттер практика күндерінде жалпы есепте 1 200 шақырым жүріп тұрған (Париж бен Рим аралығындай). Команданың капитаны 23 жасар Кейко Сузуки: "Жапон жастарында ауызбіршілік жоқ, олар бірлесіп ұжымдық жұмыс атқара алмайды деген адамдардың алдында сол сөздерінің терістігін дәлелдей алуға тырыстық", - дейді.
Кейко Сузуки, команда капитаны:
"Біз барлығымыз бір тәртіпке бағынып, артылған міндеттерді ауызбіршілікпен шешіп үйренуге дағдыландық. Менің ойымша, мұның өзі өте-мөте пайдалы болмақ, себебі, ертеңгі күні бәріміз де жұмыс іздеуге шығатын боламыз", - дейді.
Синхронды сап түзіп жүру жапон мәдениетінің терең тамырына тартады. Жапон мектептерінде ертеңгілік жиналыстарда шәкірттер бір-бірінен бір мөлшердегі арақашықтықта тұруы тиіс.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: sploid.gizmodo.com
Л. Лига