Жануарларға қайырымды болыңыз...

Тамыз айының үшінші сенбісінде Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні атап өтіледі (International Homeless Animals Day). Атаулы күннің белгіленуіне мұрындық болған – Халықаралық жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығы. Ұйым бұл ұсынысты 1992 жылы білдірген болатын. Бастапқыда халықаралық дәреже берілмегендігімен, көптеген елдердегі жануарларды қорғау ұйымдары бірден жылы қабылдады.

Бүгін мереке емес, бүгін әлем жұртшылығының үйсіз-күйсіз жануарларға назарын аударуға, адамдарға олардың трагедиялық тағдырларын таныстыруға арналған іс-шаралар ұйымдастыралытан күн. Дәл қазір көптеген елдерде қайырымдылық және ағарту шаралары өткізіліп жатыр десек артық айтқандық емес. Волонтерлар арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға, конкурстарға, аукциондарға түскен қаржыны үйсіз қалған жануарларға жұмсайды. Сондай-ақ, бұл күн қарапайым мысықтар мен иттерге қожайын табуға жақсы мүмкіндік туады.

Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күнінің басты мақсаты – жануарлардың қожайындарына жауапкершілікті сезінуді тағы да бір рет естеріне салу және мүмкіндігінше үйдегі жануарлардың санын көбейтуге үгіт-насихат жүргізу. Осы мақсатта мал дәрігерлері бір күн бойы тегін қызмет көрсетеді. 

Айта кетейік, иттерге арналған ең алғашқы баспана Жапонияда 1965 жылы ашылды. Мұнда алғашқы жылдардың өзінде 50 мыңнан астам жануарлар ұсталынатын. Жануарларды қатыгездіктен, қысым көрсетуден қорғау туралы алғашқы заң 1822 жылы Ұлыбританияда қабылданған. Жануарларға арналған ең қайырымды заңдар мен ең жақсы жағдайлар Аустрияда жасалған. Онда иттердің құлағын, құйрығын кесуге, жануарларды цирктегі жұмыстарға салуға, күшіктерді, мысықтарды жануарлар дүкенінен басқа жерде сатуға тиым салынған.

Қазақ халқы да ежелден бері "Ит – адамның досы" деп, итке жоғары баға берген, тіпті құмай тазыны өздерінің жеті қазынасына да қосқан. 

Данышпан Махатма Ганди бір сөзінде:" Әрбір ұлттың моральдық дамуы үдерісін жануарларға қалай қарайтындығы арқылы білуге болады" деген екен. Ендеше, жан-жануарларға әрдайым қайырымды болайық, ағайын!

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева