- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жәндіктерді киноға қалай...
Жәндіктерді киноға қалай дайындайды?
Бұл сұрақты өзіңізге бұрын қойып көрмесеңіз: фильмде режиссер өз қалауын жәндіктерге қалай орындатады? Мәселен, «Өрмекші адам» фильмінде...
Стивен Катчер – жәндіктің жүріс-тұрысын киноиндустрияға алғаш алып келген энтомолог. Ғалым әрі қарапайым суретші Голливудта отыз жылдам астам жұмыс атқарып келеді. 69 жастағы қарт маман осы уақыт ішінде жүздеген көркем фильмге, көптеген жарнамаға, деректі киноларға өз үлесін қосқан.
Кино саласындағы алғашқы тәжірибесі шегірткеден басталыпты... Осы күнге дейін қол астындағы тұтқындарды қалай ұстайтындығын, қалай қулығын асыратындығын айтып көрген емес. Оның орнына, жәндіктерге қандай жағдаяттардың әсер ететіндігін, қай жағдайда жұмысқа көмектесетінін бөлісуде...
Бәкене шыбындарға (москит) суықтың әсер ететінін, бүйендердің көзін жауып тастап, шыбындарға балды қолданатынын, аралардың кинода жас түрлері аз шағатынын жасырмайды.
Жұмысқа бар уақытын бөлгендіктен, жеке өмірде жолы болмаған екен. Әйелі үйдегі өрмекші мен шыбындардың көптігіне шыдай алмай, ақыры тастап кеткен көрінеді. Бірақ бұл азамат өз тұтқындарын жазғырудан аулақ. Осы тұтқындарының арқасында баспаналы болып отырғанын айтады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: sfw.so; natgeotv-int.com
Л. Лига