Өз бетіңмен болжап білмейтін табиғат құбылыстары адамды таңқалдырумен келеді. Соның ішінде жаңбырды біріміз табиғаттың тамаша туындысы деп бағаласақ, енді бірімізге жағымсыз күн райының бір бөлігі ғана болып көрінеді. Сонымен, алдарыңызға жаңбыр туралы ең қызықты деректерді ұсынамыз:
1. Пара қаласының тұрғындары уақытты жаңбырға қарап түзейді, себебі бұл жерде жауын күнделікті бір уақытта жауатын көрінеді.
2. Дартс ойыны жаңбырдың себебінен пайда болған. Бір күні садақ атушылар жарыс кезінде жаңбыр астында қалған. Сыраханаға келген олар қысқарған жебелермен қабырғадағы нысананы атқылай бастаған…
3. Уганда тұрғындарын жасынмен қорқыту мүмкін емес, өйткені мұнда жылына 250 рет найзағайлы жаңбыр жауады екен.
4. Жаңбыр радиодағы ауа райы болжамының пайда болуына себін тигізген. Америкадағы радиостанция иесі жауын астында қалғандықтан, тәулігіне бірнеше рет жаңбыр туралы хабар беретін жаңа топтама ашыпты.
5. Ботсванада адамдар «пула» деп сәлемдеседі. Бұл сөз «жаңбыр» деген мағына береді. Сонымен қатар, ел валютасы да «жаңбыр» деп аталады.
6. Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта тек түнде жауады екен.
7. XVII ғасырда Ұлыбританияда жаңбыр туралы заң қабылданды. Заң бойынша жаңбырды дұрыс болжамаған синоптиктің басы алынды.
8. Шөл далада жаңбыр астында құрғақ күйде қалуға болады. Шын мәнінде, шөлді жерде жаңбыр жауады, бірақ бұны байқау мүмкін емес. Себебі ыстық ауаның әсерінен жаңбыр тамшылары жерге жетпей құрғап кетеді.
9. Гидрометорталықтың жаңбырға қатысты барлық сөзі нақты мағынаға ие. Мысалы, «Өткінші жаңбыр жауады» (кратковременный дождь) делінсе, жаңбыр жаууының ұзақтығы 3 сағатқа дейін ғана созылуы мүмкін. «Жаңбыр күтілуде» (ожидается дождь) деген тіркес жауынның ұзақтығы жарты тәуліктен кем болмайтынын білдіреді.
10. Индиядағы Черрапунджи – әлемдегі ең жаңбырлы қала. Бұл жерде жылына 26 460 мм жаңбыр жауады.
11. Огайо штатының Уайнсберг қалашығында жыл сайын 29 шілдеде жаңбыр жауады. Бұл жағдай жүз жылдан бері қайталанып келеді.
12. Жыл сайын жер бетіне 519 000 км³ жаңбыр жауады. Әр км³ 1миллиард тонна суды құрайды.
13. Шамамен әр миллионнан бір адам жаңбырға деген аллергиядан зардап шегеді. Мұндай адамның денесіне тиген кез келген тамшыдан қызару пайда болып, жаңбыр астында қалып қою өлімге душар етеді.
14. Ең ауыр жауын 14.04.86 Гопалгандж қаласында жауды. Әрқайсысының салмағы 1 келі болатын бұршақ 92 адамның өмірін қиған.
15. Ғаламшардың ең жаңбырлы жерлері қыс айларында су жетіспеушілігіне ұшырайды. Жаңбырлы маусымнан кейін құрғақ қыс басталып, тұрғындар суды көрші қалалардан сатып алуға мәжбүр болады екен.