Жаңа Зеландияның "сұлулары"

Жаңа Зеландияның "сұлулары"

Көкшенің сұлулары десе, биші қайыңдар, Маңғыстаудың сұлулары десе, теңіз, Алматының сұлулары десе, таулар бірден еске түседі, тізе берсеңіз жетіп артылады. Бір Қазақстанның өзі осыншама сұлулықты көтеріп тұр. Жер көлемі бізден 10 есе кіші Жаңа Зеландия елінің табиғаты қандай екен?

Жаңа Зеландияның таңы мен кеші әдемі. Батқан күннің реңкі де ерекше.

Tуатарa люк ұзақ жетілетін бауырымен жорғалаушылар қатарына жатады. Балапандары анасы жұмыртқа басқаннан кейін 16 айдан кейін ғана жарып шығады екен. 

Биіктігі 130 метр құздардың етегі жағалаудағы аралға жалғасады. Бұл жер пингвиндер үшін керемет мекен болған.

Жергілікті тұрғындар пингвиндер үшін тұзақ құрады екен. Олар да тұзақтардың түрін және қай жерде орналасқанын жаттап алған болуы керек, аяқтарын аңдап басады.

Кеа атты Альпі тотықұсы мұз дәуірінен бері келе жатыр деген дерек бар. Үлкендігі бүркітке ұқсайтын әдемі тотықұс қу болады екен.

Кивидің жұмыртқасы өзінің 20%-ын құрайды. Кішкентайлығына қарамастан қорегін тауып жеу үшін ұзын тұмсығы көмектеседі. Бір қызығы, киви түйеқұс тұқымдасына жатады екен.

Юр дәуірінен бауырымен жорғалаушылар қатарынан қалған жалғыз түр – гаттерия. Ол Жаңа Зеландияның ауа райына үйренген.

"Аққайнар хауызы" аталатын Жаңа Зеландияның ерекше орнында көмірқышқыл газын атқылап жатады. Пайда болғанына 900 жыл болса да, әлі сөнбеген.

Фантайлс – Жаңа Зеландияның ең кішкентай құсы. Кішкентай болғанымен, аралдың қаһарлы күндеріне шыдап келеді. 

Момын ұлулар қыбырлаған құрттармен мен жыбырлаған жәндіктер үшін жыртқыштар қатарына жатады. Себебі, иіс сезу қабілетімен аяңдап басып жемтігін тауып алады.

Жаңа Зеландияда 1773 жылы алғаш рет  қой кездескен екен. 1982 жылы аралдың әр тұрғына 22 қойдан келетін болды. Ал қазіргі таңда бұл көрсеткіш 3 есе төмендеп кеткен, соңғы санақ бойынша әр адам басына 7 қойдан есептелген екен.