Еуропа орталық банкі 100 мен 200 номиналдарының жаңа нұсқасын көрсетті. Банк сайтында Банкноттар жасауда IT заманының инновациялық жетістіктері пайдаланылды. Оның жасанды екен білу енді еш қиындық тудырмайды, - деп жазылған. Сұр түсті жолақтың жоғарғы жағында кішігірім таңбасы көрсетілетін спутниктік голограмма бар. Олар купюра нөмірін қоршай орналастырылған және тікелей жарық астында жарқырай түседі. Онда Еуропа портреті, сәулет мотивтері мен үлкен символы бейнеленген. Жаңа 100 және 200 банкноттарының бұрынғы өлшемдерден де айырмашылығы бар: енді олардың ені 50 еуроның өлшемімен бірдей болады. Бірақ ұзындығы өзгеріссіз қалды. Банкнот неғұрлым ұзын болса, оның номиналы да соғұрылым жоғары. Жаңа нұсқадағы 100 мен 200 көктемнен бастап, нақтырақ айтсақ, 2019 жылдың 28 мамырында айналымға түседі.