Ғаламшардағы климаттық өзгерістер ақ аюлардың тіршілігіне қазірден кері әсер етуде.
Бүгінде Жер бетінде тек 26 мың ақ аю қалған. Ғалымдар жаһандық жылынудан осы жануарлар түрі одан сайын 30%-ға қысқаруы мүмкін екенін айтып, дабыл қағуда. Бұған Арктикадағы мұздықтардың толассыз еруі себеп болады. Осының салдарынан аюлар аңшылық ете алмай, тамақ тауып жеуден қалады. Бұл жағдай олардың денсаулығын нашарлатып, көбеюін қиындатады. Мамандардың айтуынша, 2015 жылы мұздықтар рекордты мөлшерде еріген.
Дереккөз: 24.kz