Әлемдегі ең таза жануар саналатын мысықтардың бейнесіне қарап мейірімділік пен жылулықты бірден сезінесіз. Олардың тартымды келбеті өзімен бірге ойнауға шақырып тұрғандай әсер қалдырады. Алайда кейбір мысықтардың бағы ашылып қожайыны табылса, қалғандары аулада түнеп, ертеңгі өмірі үшін арпалысқа түсіп жатады. Сондай жабайы мысықтардың ойыны мен бос уақытында не істейтінін көз алдымызға көрсеткен жапон фотографы Ньян Кичидің суреттері ғаламторда қызу талқылануда. Олардың жасаған әрбір қимылы көрген жандардың жүрегін елжіретіп, көңілдерін босатып та жіберген. Сонымен назарларыңызға Жапониядағы жабайы мысықтардың демалысынан фотолар ұсынамыз.
Мысықтар да қорегін табу үшін талай қиындықтан өтеді.
Тышқанның дауысын ести сала тесікке кіруге ұмтылады.
Бас салып бірінші кірмесе де, бөліседі деген оймен екінші мысық сыртынан бақылап тұр.
Тышқан қашып кеткендегі түр.
Бұл сынақ да мысықтың басына қатты тиді.