Адам мен ит арасындағы достық ғасырлар бойы жалғасып келеді. Және адам итке, ит адамға адал сияқты көрініп келіп еді...
Алайда, ХХІ ғасырда адамның досы бірінші рет сатқындық жасап отыр. Олар суық темірден жасалған роботтармен достық қарым-қатынас құруға келісті. Әрине, ол үшін ең алдымен робот итке деген достық ниет білдіру керек.
Зерттеу үшін «PeopleBot» роботы таңдап алынды: ол қозғалмалы қолына ақ қолғап киген және бет орнында сенсорлы экраны бар. Итке оны адам ретінде қабылдау өте қиын болған.
Робот бағдарламасына алдын-ала иттерге ұнайды деген сөздер тізбегі тірі адамның даусымен жазылады. Содан кейін иттің қожайыны бөлмеге кіріп, иттің көзінше роботтың қолын алып, бір-екі ауыз сөз айтып, роботтың әлеуметтік тұлға екенідігін көрсеткен болады.
Қожайын көзден таса болғаннан кейін робот иттің атын атап шақырып, тәттілерді ұсынады. Таңғаларлық жағдай! Бірақ, ит еш жатырқамастан тамақты роботтың қолынан алып жейді. Сондай-ақ, роботтың көрсетуі бойынша бөлмеге жасырылынған басқа да тәттілерді тауып жеп, айтқандарына құлақ асқан екен.
Осылайша, темір адамдарды жан-жануарлар да қабылдай бастады.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: byaki.net