Tesla және SpaceX компанияларының өнертапқышы әрі атқарушы директоры Илон Маск Лос-Анджелестің Брентвуд аймағындағы үйін сатылымға шығарды.
Бұл сарай — Маскқа тиесілі жылжымайтын мүліктер ішіндегі ең қарапайымы. Көлемі 280 шаршы метрді құрайтын үйде 4 жатын бөлме, 4 жуынатын бөлме, айрықша стильдегі 1 асүй мен тұрмысты жеңілдететін мыңдаған құрылғылар бар.
Үйдің терезелерінің барлығы еденнен төбеге дейінгі жерді тұтас алып тұр. Іште отырып-ақ "Періштелер қаласының" әдемі келбетін тамашалай аласыз, сондай-ақ, ауладағы үлкен бассейн мен спа-зона көрінеді. Ғаламшараралық кеңістікті "ойынға" айналдырып жүрген Илон үйді $ 4,5 миллионға бағалап отыр.