- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Халықаралық әйелдер күніне...
Халықаралық әйелдер күніне орай Манхэттенде «Батыл қыз» ескерткіші орнатылды
Халықаралық әйелдер күнінің құрметіне Нью-Йорктың Уолл стрит көшесінде кішкентай қыз бейнесіндегі ескерткіш пайда болды. Ол әуелден қаланың ең танымал туристік нысаны саналатын Артуро Ди Модик есімді мүсінші жасаған «Бұқа» ескерткішіне қарама-қарсы тұр. «Батыл қыз» ескерткіші сол күні түнде әкімшіліктің рұқсатынсыз орналастырылған («Бұқа» ескерткіші де 1989 жылы дәл солай рұқсатсыз орнатылған болатын).
Қоладан жасалған «Батыл қыз» ескерткішінің авторы – Кристен Висбаль есімді мүсінші. Оны Уолл-стрит көшесіне орналастыру жауапкершілігін State Street Global Advisors (SSGA) компаниясы өз мойнына алды. Аталған ұйым осы қадам арқылы қаржы корпорацияларындағы гендерлік теңсіздікке назар аударуды көздеген. Себебі, олардың көпшілігінде әйел қызметкерлер мен басшылар жоқ.
Мүсін ең атақты бизнес көшеде бір апта тұрады. Ескерткіш әкімшіліктің көңілінен шықса, ол одан әрі де сол жерде тұра беретін болады.
А. Оралқызы