Жер шарының ең биік нүктесі, яғни, Гималай тауының Эверест шыңында Wi-Fi ұстайды. Бұл өте маңызды жаңалық. Себебі, тауда байланыстың болу-болмауы адам өмірінде шешуші рөл атқарады. Wi-Fi байланысын орнатумен Everest Link компаниясы айналысқан.
Everest Link желісінің 200-ден астам Wi-Fi байланысы нүктесі бар, олардың 40-ы ауылдарда орнатылған. Желі жылына 34 мың жергілікті тұрғын мен 40 мыңнан астам туриске қызмет көрсетеді.
Everest Link қашықтықтан оқыту бағдарламасын да жүзеге асырады. Гималай мектептерінде оқытушы жоқ, оқушылар ғаламтор арқылы білім алады.
Бір қызығы, 2000 жылға дейін жергілікті мекенде тек қарапайым хат арқылы байланыс орнап тұрған, ал, оларды тікұшақ арқылы тасымалдаған.