Ғарышкерлер Жер шарын тұтастай көре алатын бақытқа ие. Бұл шолу эффекті деп аталады. Содан шабыттанған Daily Overview жобасының авторлары ғарыштан түсірілген 10 ерекше мекенді ұсыныпты. 16/12/2016Қала ішіндегі тұрғын үйлерКейп-Корал, Флорида26.604391, 81.958473 Флорида штатындағы көп аудандар қала ішіндегі каналдар үстіне салынған. Олардың орналасу реті мен көрінісі жерде еш байқалмайды, бірақ ғарыштан түсірілген суретте қала көркі айшықтала түседі. 9/12/2016Лагуна ХаттБатыс Аустралия28.172005, 114.261002 Лагуна Хатт батыс Аустралиядағы ірі көл. Көл суының қызғылт болып көріну ондағы әлемде сирек кездесетін Дуналиелла балдырларының әсері екен. Лагунада микробалдырларды өңдейтін арнайы зауыт бар. Олар балдыр өнімдерін кейін ас бояғыш және А витаминінің көзі ретінде пайдаланады. 29/11/2016 Ларунг ГарТибет32.1356, 100.4565 Бұл суреттегі ашық қызыл түске боялғандар ең ірі буддистік институт Ларунг Гар. Бұл мекенге 1980 жылға дейін 20 мың адам келіп қоныстаныпты, соның әсерінен адам тығыздығы да жоғары. 21/10/2016 ПальмановаПальманова, Италия45.904892400, 13.317671100 Италиядағы Пальманова қаласын жұлдыз-форты арқылы бірден тануға болады. Мұндай ерекше құрылыстың мәні соғыс стратегиясына негізделіпті. Жау әскері жұлдыздың қандай да бір бөлігіне шабуыл жасаса, оған қарама-қарсы орналасқан қамал жауды ту сыртынан атқылаған. 10/11/2016Циньхуандао портыЦиньхуандао, Китай39.933622, 119.683840 Суреттегі көшпелі крандар Циньхуандао портындағы көмір териминалдарының жолымен жүр. Жыл сайын мұнда 210 миллион тонна көмір әкелінеді. 22/10/2016 Арлидегі уран шахтасыАрли, Нигер18.44, 7.23 Бұл жердің меншік иесі франциялық компаниялар. Жыл сайын мұнда 3400 тонна уран өндіріледі екен. 17/10/2016 Лос-Караколес жолыАнд тауы32.516, 70.816 Чилидің Аргентинамен шекарасына жақын жерде орналасқан бұл жолдардың биіктігі 3 километр. Мұндай биіктікке қарамастан олдардың жиегінде бөгеулер жоқ. Лос-Караколеспен көбіне жүк көліктері жүреді екен. 10/10/2016Тұзды тоғандарСан-Франциско шығанағы, Калифорния, АҚШ37.5106531, 122.053325 Сан-Франциско шығанағындағы тұзды тоғандар 26 шаршы километрді алады. Мұнда ұзақ процестерден кейін тұз өндіріледі. Бірінші су арнайы резервуарларға құйылады. Ондағы су теңіз суына айналып, бес жылдан кейін буланып кетеді екен. Нәтижесінде тұз қалдықтары жиналып, өңделеді. 19/1/2017 Ставропольдегі егінді алқапСтаврополь, Ресей45.4654287, 43.6128532 Ставропольдегі егін шаруашылығы Кавказдан ағатын судың арқасында дамып келеді. Мұндағы жергілікті климат жүзім мен дәнді дақылдарды өсіруге қолайлы.