Ғарыштан суретке түсірілген ерекше мекендер

Ғарыштан суретке түсірілген ерекше мекендер
Фото: dailyoverview.com
Ғарышкерлер Жер шарын тұтастай көре алатын бақытқа ие. Бұл "шолу эффекті" деп аталады. Содан шабыттанған Daily Overview жобасының авторлары ғарыштан түсірілген 10 ерекше мекенді ұсыныпты. 
 
16/12/2016 
Қала ішіндегі тұрғын үйлер 
Кейп-Корал, Флорида 
26.604391°, –81.958473° 
Флорида штатындағы көп аудандар қала ішіндегі каналдар үстіне салынған. Олардың орналасу реті мен көрінісі жерде еш байқалмайды, бірақ ғарыштан түсірілген суретте қала көркі айшықтала түседі. 

9/12/2016 
Лагуна Хатт 
Батыс Аустралия 
–28.172005°, 114.261002° 
Лагуна Хатт – батыс Аустралиядағы ірі көл. Көл суының қызғылт болып көріну ондағы әлемде сирек кездесетін Дуналиелла балдырларының әсері екен. Лагунада микробалдырларды өңдейтін арнайы зауыт бар. Олар балдыр өнімдерін кейін ас бояғыш және А витаминінің көзі ретінде пайдаланады. 
 
29/11/2016 
Ларунг Гар 
Тибет 
32.1356°, 100.4565° 
Бұл суреттегі ашық қызыл түске боялғандар – ең ірі буддистік институт Ларунг Гар. Бұл мекенге 1980 жылға дейін 20 мың адам келіп қоныстаныпты, соның әсерінен адам тығыздығы да жоғары. 
 
21/10/2016 
Пальманова 
Пальманова, Италия 
45.904892400°, 13.317671100° 
 Италиядағы Пальманова қаласын жұлдыз-форты арқылы бірден тануға болады. Мұндай ерекше құрылыстың мәні соғыс стратегиясына негізделіпті. Жау әскері жұлдыздың қандай да бір бөлігіне шабуыл жасаса, оған қарама-қарсы орналасқан қамал жауды ту сыртынан атқылаған. 
 
10/11/2016 
Циньхуандао порты 
Циньхуандао, Китай 
39.933622°, 119.683840° 
Суреттегі көшпелі крандар Циньхуандао портындағы көмір териминалдарының жолымен жүр. Жыл сайын мұнда 210 миллион тонна көмір әкелінеді. 
 
 22/10/2016 
Арлидегі уран шахтасы 
Арли, Нигер 
18.44°, 7.23° 
Бұл жердің меншік иесі – франциялық компаниялар. Жыл сайын мұнда 3400 тонна уран өндіріледі екен. 

17/10/2016 
Лос-Караколес жолы 
Анд тауы 
–32.516°, –70.816°
Чилидің Аргентинамен шекарасына жақын жерде орналасқан бұл жолдардың биіктігі – 3 километр. Мұндай биіктікке қарамастан олдардың жиегінде бөгеулер жоқ. Лос-Караколеспен көбіне жүк көліктері жүреді екен. 
 
10/10/2016 
Тұзды тоғандар 
Сан-Франциско шығанағы, Калифорния, АҚШ 
37.5106531°, –122.053325° 
Сан-Франциско шығанағындағы тұзды тоғандар 26 шаршы километрді алады. Мұнда ұзақ процестерден кейін тұз өндіріледі. Бірінші су арнайы резервуарларға құйылады. Ондағы су теңіз суына айналып, бес жылдан кейін буланып кетеді екен. Нәтижесінде тұз қалдықтары жиналып, өңделеді. 

19/1/2017 
Ставропольдегі егінді алқап 
Ставрополь, Ресей 
45.4654287°, 43.6128532° 
Ставропольдегі егін шаруашылығы Кавказдан ағатын судың арқасында дамып келеді. Мұндағы жергілікті климат жүзім мен дәнді дақылдарды өсіруге қолайлы.
Massaget.kz