- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Ғалымдар иттің мысықтан...
Ғалымдар иттің мысықтан екі есе ақылды екенін дәлелдеді
Америка Құрама штаттарындағы Вандербильт университетінің ғалымдары иттер мысықтарға қарағанда әлдеқайда ақылды екенін анықтады. Бұл ақпарат Science Alert басылымында жарық көрген ғылыми мақалада айтылады.
Тәжірибе нәтижесі бойынша, иттің миындағы нейрондар саны (530 миллион) мысықтардың миындағы нейрондар санынан (250 миллион) екі есе көп болып шықты.
Ғалымдар, сонымен бірге аю, арыстан, жанат, қорқау, мангуст сынды өзге де жануарларды зерттеген. Ми қабатындағы нейрондар саны бойынша иттердің деңгейіне салыстырмалы түрде жақын жануарлар жанаттар болып шықты.
Нейрондардың саны – тірі жаратылыс иесінің психикасы терең екенін және оның тұжырым жасауға қабілеттілігінің кепілі. Зерттеушілер бұл нәтиже мысықтардың ақымақ екенін білдірмейтінін айтады. Бұл тек оларды түсіну қиындығын білдіреді.
А. Оралқызы