- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Ғалым бүкіләлемдік жылыну...
Ғалым бүкіләлемдік жылыну процесін музыка арқылы түсіндіруге тырысты
Фото:
youtube.com
Миннесота университетінің мұғалімі Скотт Сент-Джордж бүкіләлемдік жылыну процесінің қалай жүріп жатқанын музыка арқылы түсіндіруге тырысты. Бұл туралы Popular Science жазды.
Скоттың жетекшілігімен 4 музыкант жер бетіндегі 4 белдеудегі температураның көтерілуін көрсетуге тырысқан. Композиция 1880 жылғы "температураның әуенінен" басталады.
Айта кетелік, БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 2014 жыл климатты бақылау тарихындағы ең ыстық жыл болып есептеледі. Былтыр әлемдегі орташа температура 14,57 градус болған.
М. Бисембаева