- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Францияда б.з. I...
Францияда б.з. I ғасырында салынған қала қалдығы табылды
Францияның оңтүстік-шығысындағы Лион қаласына жақын маңда археологтар көне рим қонысы қалдықтарын тапты. Ғалымдар ашылған мекенді "Шағын Помпеялар" деп атады. Қалдықтар жердің вулкан күлі қалың сақталған қабатынан табалғандықтан осы уақытқа дейін өзгеріске ұшырамаған.
"Бұл археологиялық ашу — рим қонысы қалдықтарына қатысты соңғы 40-50 жылда болмаған тың жаңалық",– дейді бір топ зерттеушілер тобының жетекшісі Бенжамен Клеман.
Олардың ойынша, қала шамамен б.з. I ғасырында салынған. Аталған мекенде адамдар 300 жылға жуық уақыт аралығында өмір сүрген. Кейін өрт кесірінен бұл жерден көшуге мәжбүр болған көрінеді.
Зерттеу жүргізіліп жатқан жердің көлемі 7 мың шаршы метрді қамтиды. Бұл қоныста грек аңызы бойынша шарап құдайы саналатын Дионистің құрметіне салынған алып Вакханалий Үйі сақталған. Үйдің тақтайшаларында басқа да түрлі аңыз кейіпкерлері бейнеленген. Археологтар Геркулес мүсінімен безендірілген субұрқақты ғимарат пен поэзия музасы Талия бейнеленген мозайка тапқан.
Көктемде басталған зерттеу жұмыстары желтоқсан айына дейін жалғасайын деп отыр.
А. Оралқызы