Еуропа мәдениеті неге 100 жылға алға дамып кетті?

Еуропа мәдениеті неге 100 жылға алға дамып кетті?
Фото: vk.com

Еуразия (Евразия) – екі бірдей құрлықты біріктіріп жатқан материк. Жер планетасындағы ең үлкені де – осы. Бірі – Еуропа, бірі – Азия. Екі құрлық бір-бірімен тұтасып жатқанымен, екеуінің мәдениеті, дамуы, экономикасы жер мен көктей. Еуропа, Азия түгілі әлемде барлық өркениеттен 100 жылға алға дамып кеткен. Неге? 

Ең бірінші себеп, географиялық орналасуы. Еуропадағы мемлекеттер бір-біріне жақын әрі көрші орналасқан. Өзара бәсекелестік, өзара тәжірибе алмасу көп. Білім саласы, мәдениеті жағынан алсаңыз да керемет. Футболдың да ағылшындардың арасында жақсы дамуы, Еуропада әлемдегі ең мықты футбол клубтарының барлығы да осыдан. Одан бөлек Еуропаның географиялық орналасуы өте маңызды жағдайда қалыптасқан. Яғни саяхатшылар арқылы елдің экономикасын көтеру мақсатында түрлі жағдай жасалған. Бір Жерорта теңізі мен Қара теңіздің жағалауында орналасқан елдердің өзі-ақ тікелей халықаралық ынтымақтастықты мәдениет арқылы, адамдардың демалуы арқылы қалыптастырып отыр. Әрбір ел ішкі туризм мәселесін жақсы дамытып алған. 


Екіншіден, ең мықты тұлғалардың қалыптасуы және ең мықты өркениеттің болуы да әсер етті. Еврей жұртының ақылдылығы мен Наполеон, Гитлер сынды мықты қолбасшылардың өмір сүруі. 

Үшіншіден, әскери техникалар мен халықаралық деңгейдегі барлық қауымдастықтың штаб-пәтерлерінің осында орналасуы. Еуропа, соның ішінде Англия, Франция, Түркия, Испан әскери күштері әлемнің ең үздіктерінің қатарына кіреді. БҰҰ сынды түрлі қауымдастық пен ұйымдардың осында болуы жан-жағындағы елдердің қарқынды дамуына әсерін тигізді. Осының ішіне САКҰ-ны (НАТО) қоса кету керек. 


Қазір демалу үшін, білім алу үшін, мәдениетаралық байланыс орнату үшін ең бірінші Еуропаға барасыз. Еуропа – әлемдік деңгейдегі брендке айналып кеткен құрлық. Сондықтан оның мәдениеті 100 жылға алда. Тіпті кішкентай ғана аумақты алып жатқан Ұлыбритания алып айдаһарлы Қытай елін кезінде есірткімен жаулап алғанын білесіз бе? Шағын ғана Германия алып КСРО-ға соғыс ашты. Наполеон бастаған жасақ Мәскеуді отқа орады. Жер бетіндегі ең бай адамдардың да көбісі осында. Тегінде Алашорданың көсемдері Шығыстан гөрі Батысқа еліктеу керектігін, соларға қарай бет түзеу керектігін айтса керек. Ал қазір Шығыс елдерінде еуропалық мәдениетпен өмір сүріп отырған жалғыз ел бар. Ол – Жапония. 

М. Ақан