- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Ескендір Зұлқарнайын дәуірінен...
Ескендір Зұлқарнайын дәуірінен қалған қазына үңгірден табылды
Израильде үңгірлердің бірін зерттеу кезінде Ескендір Зұлқарнайынның дәуірінен қалған қазына табылды. Тарихшылардың айтуынша, Ескендір дәуірінен жеткен көмбе Израиль жерінен алғаш рет табылып отыр, – деп хабарлайды Bnews.kz.
Спелеологтар қазынаны елдің солтүстігіндегі сталактитті үңгірден тапқан. Мұнда шақалар мен қымбат заттардан бөлек бірнеше керамикалық ыдыс табылған.
«Ескендір өмірден өткеннен кейін елде дүрбелең туындағанда жергілікті тұрғындар үңгірге қашып, бағалы заттарды сол жерде жасырған болуы керек», - дейді тарихшылар.
Израиль заңы бойынша, ел аумағында табылған археологиялық артефактілер мемлекетке тиесілі.
Ақпан айының ортасында Израиль тарихында бұрын-соңды болмаған тарихи жәдігерлер табылған еді. 5 сүңгуір Жерорта теңізінің түбінен 2 мың алтын шақа тапқан.
сурет: kladoviki.ru
Е. Қайрахан