Бала күнімізде әке-шешеміз «тез өсесің, үлкен боласың» деп көкөністі көп жегізетін. Сосын бір кездерде қолға қарындаш, қағазымызды алып сурет сала бастадық. Біздің көкөністерді салған суреттеріміздің пішіні өзгеріп, мүлде басқаша болып шығатын. Қиқа-жиқа етіп салынған суреттерден қайсысы қызанақ, қайсысы сәбіз, қайсысы қияр екенін ажыратудың өзі қиын еді. Бүгін назарларыңызға ерекше пішінді көкөністерді ұсынамыз. Бұл да бір табиғаттың кереметі. Бір ғана Буратинодан айнымайтын баклажанның өзі неге тұрады?!
Ендеше, бірге тамашалайық.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: oxyxo.ru