Ең ерекше қақпа-аквариум

Түріктің табысты бизнесмені әрі инженер-топографы Мехмед Әли Гюксеогло Чешмедегі (Измир демалыс аймағы) қалаулы үйін (вилла) әлемдегі ең көрікті, аса қызғылықты қақпамен қоршап шығыпты.

Темір немесе ағаш шарбақтың орнына іші толған балық пен теңіз мақұлықтары жүзген аквариум тұрғызған. Ендігі таңда Эгей теңізіне жол тарта қалсаңыз, онда осы бір 50 метрлік су қақпаны мыңдаған адамның ортасында тұрып, таңдай қаға таңдана алатын боласыз. 

Аталған ойдың жемісті болып жүзеге ауысуына сегіз жыл түрткі болып келген. Нақтырақ айтсақ, сегіз жыл бұрын түрік азаматы алып аквариум түзіп, ішіне Эгей теңіздерінің мақұлықтарын жібергісі келген. Сол аралықтан бері қиял құштарлана іске кірісіп, ойдағы арманды жүзеге асыруға мүмкіндік алыпты.

Қақпаны тұрғызуда құбыр мәселесі қиындық тудырған. Шеберлер ақылдаса келе, Эгей теңізінен тікелей су тарту мәселесін көтеріп, арнайы шақырылған сүңгуірлер бейнетті тірліктің ақысына 21 долларды қалталарына салған. 

Қақпа-аквариумнің ішінде теңіз алабұғасы және ақтабанынан бастап, сегізаяқтар мен теңіз жұлдыздарына дейінгі аралықта су мақұлықтары жүздеп, мыңдап кездеседі. Және олардың барлығы бейнетаспамен қаралып, сақтық шаралары қолға алынған екен. Тіпті, аквариумге жақындай қалсаңыз, онда бірден дабыл соғылады-мыс.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/KFmZwbu2h0c","width":"450","height":"240"});

сурет:ostrovok.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек