Кокос пальмасы сонау динозаврлар дәуірінен келе жатқан әлемнің ең маңызды он ағашының қатарына кіреді. Бұл ағаш атақты италиялық саяхатшы Марко Полоның (1254-1324) кітабында сипатталған. Кокос пальмасының шыққан жері – Зонд аралдары мен Полинезия аймағы саналады.
Кокостың тропикалық аймақтар мен алыс аймақтағы аралдарға таралуы екі жолмен жүзеге асқан: пальмадан су бетіне құлаған жемісі (оның суға түкен жемісі 110 күнге шыдайды) және адамдардың тасымалы арқылы. Бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азияның 5 млн.га жерін кокос пальмасы алып жатыр. Сондай-ақ, олар Үндістанда, Кариб аралдарында, Гавай аралдарында, Оңтүстік Флоридада, Оңтүстік Калифорнияда өсіріледі. Ағаштың биіктігі 25 метр, ал жапырақтарының ұзындығы 4 метрді құрайды. Кокос – теңіз жағалауының өсімдігі.
Кокос жаңғақтарын біз білетін жаңғақтардың қатарына қосқаннан, кокос пальмасының құрғақ сүйектері деп атаған әлдеқайда дұрыс болмақшы. Жемістің ішінде сүт (немесе шырын) пен жұмсақ ет бар. Пісіп-жетілмеген кокос жемісінде (5 ай) жарты литрден астам мөлдір түсті қышқыл сұйықтық болады. Жаңғақ әбден піскенде, осы сұйықтық қоюланып, жұмсақ етке айналады. Бұл жұмсақты "копра" деп атайды. Кокос жаңғақтарыың диаметрі 30 сантиметрден асады, ал салмағы 2-4 келідей шығады.
Құрамы әмбебап келетін кокос жемістері адам ағзасына өте пайдалы. Оның құрамында В1, В2, В5, С дәрумендері, ақуыздар, көміртек, май, қант, кальций, калий, фосфор сынды микроэлементтер және жасұнық бар. Кокос майының құрамында қандағы холестерин мөлшерін төмендететін қышқыл бар.
Кокос жаңғағы өте дәмді әрі пайдалы. Аспаздық саласында оны сергітетін сусын, алкогольдік сусын дайындауда қолданады. Және де жұмсақ еті тәттілерге қосылып, балықты немесе етті қуырғанда аунатылады. Оның жұмсақ етін салатқа, сорпаларға, бәлішке пайдалансаңыз, теңдессіз дәмге ие болады.
Кокос жаңғағы медицина саласына да пайдасын тигізіп келеді. Ол адамның иммунитетін, күшін нығайтып, көздің көруін жақсартады, микробқа қарсы тұра алады. Кокос сусыны сахар диабетімен ауыратындарға жақсы әсерін береді. Оның етін сығу арқылы алынған сүт жүрек-қантамыры ауруларын қалпына келтіреді.
Кокос майы косметика саласында үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Ол теріні нәрлендіріп, жылтыратады, әжімдерді жазады. Майды денеңізге жағып көрсеңіз, нағыз "жұмақ рақатын" сезінесіз.
Әмбебап майдың қасиеттері мұнымен бітпейді. Мамандар кокос майын сүйекті, тісті нығайту үшін, остеопороза ауруы барысында қолдануға кеңес береді. Майдың құрамында холестерин жоқ. Ол атеросклероздың дамуын тежейді.
Кокостың калориялығы – 354 ккал. Тағамдық құндылығы: ақуыз – 3,33 гр, май – 33,49г, көміртек – 6,23 г.