Бүгін – бүкіләлемдік денсаулық күні. 1948 жылы дәл осы күні Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы құрылған болатын. Осы бір тарихи сәттен бері аталған ұйымның құрамына 194 мемлекет мүше болып үлгерген. Атаулы күннің мақсаты - адамзаттың назарын денсаулыққа аударту, оның қадіріне жетуді үндеу болып табылады. Мереке қарсаңында денсаулық сақтау ұйымдарында адамдардың денсаулығын жақсарту жолдары қарастырылатын түрлі семинарлар, іс-шаралар өткізіледі.
Денсаулығыңыздың басты байлығыңыз екендігін тағы бір еске салу үшін мынадай қызықты деректер топтамасын жасап көрдік.
1. Тарихтағы ең жоғарғы температура 1980 жылы тіркелген. Джорджия штатының тұрғыны Уилл Джонс 46,5°C температурамен аурханаға түскен. Науқас 24 күн бойы ем қабылдаған екен.
2. Ал ең төменгі температураның иесі – Канададағы Реджайна қаласының 2 жасар тұрғыны Карл Козолфский. 1994 жылдың 23 ақпанында бұл қыз 6 сағат бойы -22°C көрсеткішке ие бөлмеде қалып қойған. Нәтижесінде оның дене қызуы 14,2°C болды.
3. Аэрофагия (бір затты жұтқысы келіп тұратын ауру) ауруына шалдыққан 42 жастағы әйелдің ішінен 2533 әртүрлі зат табылған. Оның ішінде 947 ағылшын түйрегіші де бар екен. Солай болса да, әйел ішінің қатты ауырмайтындығын айтқан екен.
4. Адамның асқазанынан алынған ең ауыр заттың салмағы 2,35 келі болған. Бұл – шаш кесегі. Адамның шаш жегісі келіп тұратын ауруы да бар.
5. Әлемде ең көп таблетка ішкен адамның есімі – К. Килнер. Зимбабве тұрғыны 21 жыл ішінде 565 939 домалақ дәрі қабылдаған.
6. Ең көп ине (укол) қабылдаған кісі британдық Сэмюэль Дэивдсон екен. Оған бүкіл өмірінде 78 900 ине салынған.
7. Ең көп ота АҚШ тұрғыны Чарльз Йенсенге жасалған. 1954-1994 жылдар аралығында оған 970 ота жасалған көрінеді.
8. Тарихтағы ең ұзақ ота 96 сағатқа созылған. Отадан кейін науқастың салмағы 280-нен 140 келіге төмендеген.
9. Норвегиялық Ян Ревсдальдың жүрегі 4 сағатқа тоқтап қалған. Ол желтоқсан айында Берген ауданында талып қалады. Дене қызуы 24 градусқа дейін төмендеген. Қан айналымын жақсартатын құрылғы арқылы оның жүрек соғысы қалпына келеді.
1977 жылы Дэвид Перли көлік жарысы кезінде апатқа ұшырайды. Ол апат кезінде 29 жерінен жарақат алып, 3 буыны шығып кетеді. Жүрегі 6 рет тоқтап қалған екен.
10. Туылғанына 5 ай, 24 күн болған Сара Маршаллдың бауыры, асқазаны, ішектері ауыстырылған.
11. АҚШ-тың Вирджиния штатында 1983 жылдың 5 шілдесінде қыз бала дүниеге келеді. Таңғаларлығы, оның анасы осы жылдың сәуір айында өліп қалған екен. Оның жүрегі 84 күн бойы соғып, баласы да тірі болған.
12. 1961 жылдың мамыр айында Рангунада 54 жастағы әйелдің іші кесіледі. Іштегі баланың салмағы бар болғаны 1,3 келі екен. Ал әйелдің толғағы 1936 жылы басталған. Яғни, әйел 25 жыл бойы жүкті болып жүрген.
13. Адамның ең ауыр ағзасы – тері. Ересектерде оның салмағы 2,7 келіге жетеді. Ал ең ауыр ішкі ағза – бауыр. Салмағы – 1,5 келі. Салыстырмалы түрде айта кетейік, жүректің салмағы 325 граммды құрайды.
Ұсынылған ақпараттардан кейін денсаулығыңызды алтындай бағалап, аялайтын боласыз деп сенеміз. Денсаулық күні құтты болсын!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com