Бүгін Чилиде жер сілкінді, – деп хабарлайды РИА Новости. Магнитудасы 6,8 табиғат апаты жергілікті уақытпен 4:31-де Чилидің орталығында болған.
Дүмпудің эпицентрі Овалье қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырым жерде болғаны жазылды. Бұл аймақ ел астанасы Сантьягодан шамамен 308 километр жерде. Жер сілкінісінің тереңдігі – 14 шақырым.
Зардап шеккендер туралы ақпарат тараған жоқ. Жергілікті мамандардың айтуынша, цунами болу қаупі жоқ.
Еске сала кетейік, 2010 жылы осы елде болған магнитудасы 8,8 жер сілкінісінен 500-ге жуық адам қайтыс болды.