Адамзат тарихындағы қоршаған ортаға зияны мен денсаулыққа тигізген әсері бойынша "7–деңгейлік" (Халықаралық атом энергиясының агенттігінің (МАГАТЭ) бағалауы) көрсеткішке жеткен ірі ядролық апаттар бар. Оның алғашқысы — Чернобыль АЭС–і болса, екіншісі — Фукусимадағы атом ядро станциясынсында орын алған үлкен апат. Ал, АҚШ-тағы Три-Майл-Айлендта орын алған апат ғалымдардың есебі бойынша "5–деңгейді" көрсеткен.
Чернобыльдегі апат Фукусимамен салыстырғанда көп адамның өмірін алып кеткен:
Ядролық апат әсерінен қаза тапқан адамдарды санау және мәлімет жинау қиын болса да, ғылыми бірлестік шешімі бойынша Чернобыль апаты адам өміріне тигізген зияны жөнінен бәрін басып озады.
HBO телевизиялық желісі түсірген сериалдан соң Чернобыль апаты жайында әңгіме қайта қозғалды. Ал, апатты аймақты көруге ынтызар болған туристердің саны сериалдан соң күрт артқан.
Ал, апатқа келер болсақ, ол 1986 жылы 26 сәуірде орын алған. Чернобыль атом электр станциясында реактордың белсенді аймағы ашылып кетіп (жарылыс), радиоактивті зат ауаға тараған. Тұманға ұласқан улы бу өсімдіктерді өлтіріп, Припять қаласының жанындағы су қоймасын ластаған. Одан бөлек, жақын аймақтағы елді мекендердің тұрғындары уланған, кейін кейбіреуі қатерлі ісіктен қаза тапқан.
Апаттан кейінгі үш ай ішінде 30–дан астам адам денеге сіңген өткір сәуле әсерінен қаза тапқан. Ғалымдардың есебі бойынша, бөлінген сәуледен ауыр дертке шалдыққандар 10 000, ал зардап шеккендер 100 мыңнан астам адамға жеткен.
Фукусима ірі апатқа жатқанымен, оның салдарынан қаза тапқандар саны әлдеқайда аз. 2011 жылдың 11 наурызында Тхокудағы жер сілкінісі цунамидің туындауына себеп болды. Нәтижесінде Жапониядағы Фукусима-дайитидің жарылысына алып келді. Негізгі ақпарат бойынша, жарылыс кесіренен қаза тапқандар болмаған. Дегенмен, алған күйзеліс пен шок әсерінен 1600 адам қаза тапқан.
Чернобыльмен салыстырғанда, қоршаған ортаға тигізген әсері де анағұрлым аз. 2013 жылы Колорадо штатының Университеті жүргізген зерттеу бойынша Фукусима станциясы 520 петабеккерель (10¹⁸) ден астам радиоактивті затты ауаға жіберсе, Чернобыль АЭСіндегі көрсеткіш 5300 петабеккерельге жеткен. Желдің бағытына сәйкес чернобыльдық радиация Еуропа аймағына таралған. Ал, Фукусима радиациясы Тынық мұхитына жайылған.
Три-Майл-Айленд апаты:
Апаттың барлығы адамзатқа қайғы мен мұң әкелетіні сөзсіз. Дегенмен, оның да өлшемі болады. Чернобыль мен Фукусима Три-Майл-Айленд апатынан зардабы бойынша әлдеқайда жоғары сатыда тұрады.
1979 жылы 28 наурызда жүйенің істен шығуы АЭС–тегі реактордың бұзылуына алып келген. Әлемдік ядролық ассоциациясының есебі бойынша, қаза тапқандар, жарақат алғандар тіркелмеген. Десе де, бұл ақпаратты жергілікті тұрғындар жоққа шығарған.
Зауыттан 5 миль қашықтықта 36 000–ға жуық адам тұрған. Шеффилд университетінің ядролық қалдықтарды өңдеу саласын зерттеуші маман Клэр Корхиллдің айтуынша, жарылыстан туындаған радиоактивті газ станция төңірегіне ғана жайылып, қоршаған ортаға айтарлықтай әсерін тигізбеген.
АҚШ ядроны бақылау комиссиясы 2 миллионға жуық адам сәулемен уланғанын, бірақ, радиация мөлшері өте аз екенін алға тартқан. Дегенмен, эвакуация статистикасы Чернобыль апатымен бірдей болған. Екі жағдайда да эвакуация аймағы 30 километрге дейін жеткен, 100 000–нан астам адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болған.
Чернобыль апатының салдары...
Три-Майл-Айленд тұрғындары үйлеріне қайта оралғанымен, Припять тұрғындары қайтар жолды сол күйі "жауып" тастауды жөн санаған.
Бүгінде Чернобыльде 1500 шаршы километрден астам аймақ туристер қолданысынан шектетілген. "Өлі аймақ" деп аталғанымен, ол жерде тұрып жатқан отбасылар бар. Жасы 18–ден асқан адамдарға турист ретінде Чернобыль аймағына баруға болады. Бірақ, аталған аймақтың көп бөлігі ластанған.
Ал, Фукусимадағы қоршаудағы аймақ ауданы — 200 шаршы километрге тең. Эвакуацияланған 200 000–нан астам адам қайта оралып, 43 000–нан астамы сол күйі қайтпаған.
Бұл ақпаратқа сүйене отырып, Чернобыль оқиғасы тіршілік иесіне зор қайғы алып келген ең ірі апат екенін айтуға болады.