- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Chanel 25 миллион...
Chanel 25 миллион еуроны қайда жұмсамақ?
Фото:
vk.com
Chanel сән үйі Гран-Пале сарайын қалпына келтіру үшін жеке қорынан 25 миллион еуро бөлді. Қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылдың желтоқсанында басталып, 2024 жылға дейін жалғасады.
Гран-Пале 1900 жылы арнайы Бүкіләлемдік көрме үшін салынған. Бұл сарай Еуропадағы ең әдемі тарихи ескерткіштердің бірі болып саналады. Көптеген жыл бойы Chanel топтамаларының көрсетілімдері осы Гран-Паледе ұйымдастырылып келді. Мұнда атақты дизайнер, осы шараның жүзеге асуына орасан зор еңбек етіп жүрген Карл Лагерфельд барша шараларын жасайды.
Сондай-ақ, аталған сарайда Майкл Джексонның қайтыс болғанына 10 жыл толуына арналған көрме (2018 жылдың 21 қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін) өткізу жоспарлануда.
А. Оралқызы