Көкте қалқыға қыранның жер бетінде жүгіріп жүрген тышқанды аулағанын естісек те, көзімізбен көрмей жәй таңырқай салатыныңыз бар шығар. Есесіне техниканың дамыған дәуренінде, қыранның арқасына камера байлап, биіктен қалай көретініне арабтар көз жеткізген екен. 828 метр биіктікте орналасқан Бурдж-Халифа ғимаратының ең биік нүктесінен ұшқан құс Дубай қаласының үстінде қалықтаған. Аталған камераның бейнесінен қаланың ғажайып көрінісі мен жердегі қожайынын оңай тауып алғанын бірден аңғаруға болады.