Кристина мен Брайан - өте жарасымды жұп. Олар бір-бірін құлай сүйеді. Мұндай махаббат хикаясын әр адам бастан өткергісі келетіні анық.
Бұл жұп өздерінің үйленуге ниетті екендерін 2013 жылы жариялаған. Кристина мен Брайан мұндай жүрек тебірентер сәтті ұзақ күтіп, тойдың көңілді әрі жарқын болуы үшін көптеген жоспар құрады. Алайда үйлену іс-шарасының шығындары себебінен барлығы кейінге қалып отырған.
Брайан Грин: «Біз тойдың қажеті шамалы екендігін уақыты өте түсіне бастадық. Себебі шынына келгенде той, ол – тек салтанат қана, ал ең маңыздысы бұл жерде – неке. Сол себептен біз барлық күш жігерімізді некеге бағыттауға тырысып бақтық».
Барлық нәрседен көңілі қалған Брайан ақыр соңында дәстүрлі үйлену тойынан бас тартады. Сөйтіп оның орнына орасан зор романтикалық кеш ұйымдастырады.
Брайан болашақ жары Кристианды үйлену тойы фотосессиясына шақырған болып жергілікті сауда орталығына әкеледі. Ал бұл жерде Кристианды ерекше тосын сый күтеді.
Оқи отырыңыз:
Бұл видео миыңызды шатастырады
Ат құлағында ойнаған америкалықтар
Англия азаматы арыстандармен футбол ойнады
Америкалық соқыр жігіт кәсіби мерген атанды
Сурет: скриншот