Бүгін – қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күнi

Бүгін – қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күнi

17 маусым - дүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні. 

1995 жылдың 30 қаңтарында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 17 маусымды дүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні ретінде атап өту туралы шешім шығарды. Шешім осыдан бір жыл бұрын, яғни 1994 жылы Парижде қабылданған шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға бір жыл толған күні жарияланды.

Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдерге қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы әртүрлі шараларды жүргізуді тапсырды.

Қуаңшылық пен шөлейттену – қоршаған ортаның ең маңызды әрі ең қауіпті мәселелерінің бірі. Бұл жер бетіндегі 1 миллиардан астам адамның денсаулығына қауіп төндіріп тұр. Жыл сайын қуаңшылық пен шөлейттену 42 миллиард доллар көлеміндегі ауылшаруашылық өнімдерінің шығынға ұшырауына әкеліп соқтырады.

Жалпы қуаңшылық жауын-шашынның ұзақ уақыт болмауынан, ауа дымқылдығының төмендеп, температураның күрт көтеріліп кеткендігінен пайда болады. Мамандар 891, 1911, 1921, 1931, 1936, 1946, 1954, 1957, 1967, 1971 және 2010 жылдарды ең қуаңшылықты жылдар деп айтып отыр.

Суреттер:zotov-news.blogspot.com 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева