1994 жылы желтоқсан айының жиырма үшінші жұлдызында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бұл күнді Дүниежүзі жергілікті тұрғындар күні деп атауды ұйғарды немесе бұл мерекені Тұрғылықты халықтар күні деп атауға да болады.
1992 жылы дәл осы күні жергілікті халықтарға қамқорлық көрсету және адам құқықтарын қорғау жұмыстарымен айналысатын топ тұңғыш рет мәжіліс өткізді. Бұл отырыста: "Әлем халықтарына үлкен құндылықтар мен рухани байлықтарды жеткізуде үлес қосқан тұрғылықты тұрғындарға осы күнді беру өте орынды. Сондай-ақ, біздер көптеген тұрғылықты тұрғындардың кедейліктің, ауру-сырқаттың, дүние мүліктерінің тоналып кетуінен, құқықтарын қорғай алмауынан туатын қиындықтарды жақсы білеміз" деп айтылды.
Тұрғылықты халықтардың осы мерекесінің арқасында олар туралы көптеген зерттеулердің жүргізілуіне, алыс-аймақта өмір сүретіндеріме хабар алысып, көптеген қамқорлық шараларының жүргізілуіне жол ашты.
2004 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы екінші рет жергілікті тұрғындарға арналған онжылдық жариялады. Көптеген жоспарлар құрылды. Олардың жерлеріне, тілдеріне, шығу-тегіне, мәдениетіне әлем жұртшылығының назару аударту, сақтап қалу мәселелерін қамтитын іс-шаралар ұйымдастырылды. 2005 жылдан басталған бұл жоба 2014 жылы аяқталады деп күтілуде.
Бүгінде әлемнің 70 елінде 300 миллион тұрғылықты халық өкілдері бар, олар 5000-нан аса тілде сөйлейді.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: calend.ru