- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Бүгін қандай күн?...
Бүгін қандай күн?
Бүгін әлем жұртшылығы бүкіләлемдік босқындар күнін атап өткелі отыр. Ұзақ жылдар бойы әртүрлі елдер босқындарға арналған атаулы күндерін, апталарын жеке атап өтетін еді. Соның бірі – 20 маусым күні атап өтілетін африкандық босқындар күні. Алайда, 2001 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бұл шараға бірауыздан арнайы өзгерістер енгізді. Олар босқындарға ерекше жомарттық танытып жүрген африкалықтарды қолдап, атаулы күнге "бүкіләлемдік" деген құрметті атақ берді.
Осы қаулы жарияланған уақытта Бас Ассамблея босқындар мәртебесі туралы Конвенцияның 50 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан болатын. Осыған орай Африка Ынтымақтастық Ұйымы 20 маусым күні бүкіләлемдік босқындар күнін (World Refugee Day) атап өтуге келісімін берді.
Дәл қазіргі уақытта біздің планетамызда 20 миллионға жуық босқын тіркелген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, олардың басым бөлігі Африка, Ауғанстан аймағында, Балкан жерінде екен.
Естеріңізге сала кетейік, әлем жұртшылығы бүгін – әлемдегі ең алып жануарлардың бірі пілдерді қорғау күнін де атап өтеді. 2009 жылы жарияланған атаулы күнге әлемнің бірқатар елдері қолдау білдіріп, жыл өткен сайын танымалдылығы артып келеді. 20 маусым күні планетамыздың түкпір-түкпірінде осы мерекеге арналған әртүрлі іс-шаралар өтеді.
Суреттер:fwallpapers.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева