- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Бүгін – Халықаралық...
Бүгін – Халықаралық торт күні
Бүгін – Халықаралық торт күні (International Cake Day). Бұл күнді күнтізбеде қызыл бояумен белгілеудегі басты мақсат – әлем елдерін бейбітшілікке, адамдарды достыққа шақыру. Мейрам «I cake you» ұранымен өтеді. Яғни, «Мен сізге тортпен барамын» деген мағына білдіреді.
Әлемге бейбіт өмір тілеген бұл мейрам Миландағы "Махаббат патшалығы" деп аталатын ұйымның бастамасымен алғаш рет 2009 жылы атап өтілген екен. Ұйым құрамында өнер жұлдыздары, саусағынан бал тамған аспаздар болғаннан кейін алғашқы мереке өте жоғары деңгейде өткен. Кейін 2011 жылы 20 шілдеде халықаралық деңгейде өтіп, әлем елдеріне тарала бастаған.
Халықаралық деңгейде аталып өткен торт мейрамына Ресей, Украина, Белоруссия, Молдавия, Әзербайжан, Грузия, Армения, Израиль, АҚШ секілді мемлекеттер қатысқан. Осы күні ең алғаш әлем халықтары бірлесе отырып, бейбітшілік тортын жасаған.
Г. Берік