- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Бүгін – халықаралық...
Бүгін – халықаралық достық күні
Бүгін – халықаралық достық күні. Бүл күнді Біріккен Ұлттар Ұйымы 2011 жылы 27 сәуірде өткен 65-құрылтайында бекіткен.
Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық, мемлекеттік және жергіліті ұйымдарға осы күнді мәдениет саласында дәстүрлі түрде атап өткізуді тапсырған.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун осы құрылтайда сөйлеген сөзінде: "Бұл жылы (2011 жылы) алғаш аталып өтейін деп отырған Халықаралық достық күні кей мемлекеттерде соғыс, зорлық-зомбылық орын алған кезде, адамдар арасында сенімсіз туған кезде көмегін тигезі деп ойлаймыз. Бұрында бейбіт өмір сүрген адамдар келіспеушіліктен қашатын, танымайтын адамдар көршілес болса, бір-біріне тез бауыр басып кететін. Адамның ішкі күші наразылыққа толы болса, оның бетін қайтару мүмкін емес екен. Әлемге мейірімділік себетін – өзіміз. Бейбітшілік – соғысқа қарсы ұғым.
Осындай қиын кезде бір-бірімізге қол ұшымызды беріп, дауласқандарды достыққа шақырып, жарқын болашаққа ие әлемді нұрландыруымыз керек. Осы күні бізді дін, тіл, ділден бөлек бізді тағы не байланыстыратынын еске алайықшы. Біз – Жер ғаламшарындағы адамзаттан құралған бұтас отбасымыз, сол үшін тілегіміз бір болуы тиіс, берік әрі мызғымас ынтамақ орнатайық" деген екен.
Олай болса, Массагет достары! Достығымыз ұзағынан болсын!
Г. Берік