- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Будапештте "Астана" көшесі...
Будапештте "Астана" көшесі ашылды
Венгрия астанасы Будапешт қаласында Астана көшесі ашылды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Бұл туралы Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында хабарлады.
Айта кетейік, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Венгрияның Қазақстан үшін Еуропадағы маңызды тірек саналатын ел екенін айтқан болатын. Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығы дамуының үдемелі қарқынына назар аударды. Ал Виктор Орбан өз кезегінде Қазақстан Президентіне елге шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Венгрияда 45 қазақстандық студенттің оқып жатқанын және мамыр айында астаналық балеттің гастрольдік сапармен келетінін айтты.
сурет: tengrinews.kz
Е. Қайрахан