- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Британдықтар селфиге түсуден...
Британдықтар селфиге түсуден “екі” деген баға алды
Таяуда өнер саласындағы сарапшылар әлемдегі ең ірі қалалардағы тұрығындардың селфиге түсудегі ерекшеліктерін зерттеді. Нәтижесінде жер бетіндегі «менмін» деген шаһарлардың тұрғындары өздерін суретке түрліше түсіретіні белгілі болды. Олардың арасында Берлин, Нью-Йорк, Мәскеу, Сан-Паулу, Лондон мен Бангкок қалалары бар.
Осы ретте құрылған Selfie City жобасының аясында 150 мыңнан астам сурет зерделеніп, олар Somerset House музейіне қойылған. 5 шаршы шақырымды алған бұл көрмеде лондондықтардың селфиі көзге түседі. Британдықтардың суретке түсу мәнеріне қарап, "оларды үнемі көңілсіз жүреді" деп ойлауға болады. Бірақ селфилерге терең үңіле отырып, олардың бойынан бір қырды байқайсыз. Лондон халқының бойында жасырса да, көрініп қалатын тәкаппарлықтары бар. Олар қалта телефонның камерасына қарап тұрып, осы үшін тіпті езу тартпасам да болады деп ойлайды», – дейді Somerset House музейінің директоры және зерттеуші Клэр Каттерол.
Дереккөз: 24.kz
С. Ерсін