Үндістандық профессор өзгеше бір есептеу жүргізген. Оның өзгеше есептеуі бір түп ағаштың бағасы жайлы екен. Ол әр-түрлі амалдарды қолдана отырып бір түп ағаштың бір жылда тіршілікке қосатын ең үлкен үлесінің жүздеген мың АҚШ долларына тең болатынын дәлелдеген. Көрсетілген санды мәліметтер жеке-жеке ауаға шығарған оттегі 31 мың 200 доллар, шаң-тозаңнан қорғану бағасы 62 мың 500 доллар, топырақтың ластануының алдын алу және топырақты құнарландыру бағасы 31 мың 250 доллар, жерасты суымен қамдау бағасы 2500 АҚШ долларындық құн жаратады екен. Ғалымның пікірінше мұндай өлшеусіз үлесті бір түп үлкен ағаштан басқа ешқандай дүние жасай алмайды екен. Профессор осы әрекеті арқылы әлем халықтарының ортаны қорғауды, ағаш егуді, бар ағашты отамауды ескерткісі келген.
Сурет: toooprn.com